"Bolat"жаңа өндірістік орталығының ашылуы

2023 жылдың 25 желтоқсанында «Болат» жаңа өндірістік орталығының ашылуы болды. «БОЛАТ» өндірістік орталығы Қазақстан Республикасының «Ғылым қоры» АҚ қаржыландыратын АП15573873 «Инновациялық электролит-плазмалық технологияны пайдалана отырып, қопсытқыш қалақтарды өндіру» жобасы аясында құрылды.

Іс-шараға «PlasmaScience» ЖШС қызметкерлері және «Өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ, «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Ұжымдық пайдалану Ұлттық зертханасынан, биология және өсімдіктер биотехнологиясы зертханасынан, Семей қаласының «Шәкәрім университеті» КЕАҚ «Материалдар бетінің модификациясы» ғылыми орталығынан шақырылған қонақтар қатысты

Жаңа орталықтың ашылуына арналған қызыл лентаны құрметті қонақ, «Өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ техникалық директоры Ахмадиев Рустам Болатханұлы және «PlasmaScience» ЖШС директоры Рахадилов Бауыржан Қорабайұлы қиды. «Өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ техникалық директоры Ахмадиев Рустам Болатханұлы бұл шараның өндірісті жаңғыртуға бағытталған инвестицияның әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.

Орталық инновациялық электролит-плазмалық технологияны қолдана отырып, қопсытқыш қалақтарды шығарады. Әзірленген тұжырымдамаға сәйкес BOLAT өндірістік орталығының жұмысы негізгі үш бағытқа бағытталған: топырақ өңдейтін машиналарға қосалқы бөлшектерді шығару; электролиттік-плазмалық қатайту технологияларын әзірлеу және енгізу; тапсырыс бойынша стандартты емес жабдықты (машина бөлшектерін) өндіру.

Ашылу салтанатынан кейін барлық қонақтарға жаңа өндіріс орнымен экскурсия ұйымдастырылды.