Осы аптаныны қорытындысы ретінде "PlasmaScience" ЖШС стажерлері мен осы компанияның зертханалары базасында зерттеу іс-тәжірибесінен өтіп жатқан С.Аманжолов атындағы ШҚУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері үшін арнайы ұйымдастырылған "Қазақстандағы ғылыми қызметтің мүмкіндіктері мен болашағы" тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты жастарды Қазақстандағы ғылыми зерттеулердің мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың елдегі ғылыми қызметтегі болашағы туралы түсініктерін кеңейту және олардың ғылыми дамуына көмектесу болды.
Семинардың қонағы ретінде шақырылған ғалым, Alikhan Bokeikhan University қолданбалы биология кафедрасының меңгерушісі, PhD Байғазинов Жанат Абылқанұлы Қазақстанның ғылым саласындағы заманауи үрдістері туралы өз тәжірибесімен және білімімен бөлісті, сондай-ақ елдегі жас зерттеушілердің мүмкіндіктері бірге талқыланды. Семинар барысында ғылым мен бизнес арасындағы өзара әрекеттер мен инновациялық жобалардағы бастамаларды қолдау және ғылымды дамытудың өзекті мәселелері қозғалды.
Семинар соңында, ұйымдастырушылар біздің ұжымда әрбір студент өзін ғылыми шығармашылықта көрсете алатынын және компания тарапынан жан-жақты қолдау ала алатынын атап өтті.